Главная Файлы Песни под гитару Казахские песни под гитару |
Айттым салем каламкас Em_______G__D_____Em Саган курбан мал мен бас G__D__Am_______Em Сагынганнан сени ойлап __________G_____Em келер козге ыстык жас Сенен артық жан тумас, Туса туар — артылмас. Бір өзіңнен басқаға Ынтықтығым айтылмас. Асыл адам айнымас, Бір бетінен қайрылмас. Көрмесем де, көрсем де, Көңлім сенен айрылмас. Көзім жатқа қарамас, Жат та маған жарамас. Тар төсекте төсіңді Иiскер ме едім жалаңаш? Иығымда сіздің шаш, Айқаласып тай-талас, Ләззет алсақ болмай ма, Көз жұмулы, көңіл мас? Сізде сымбат, бізде ыхлас, Осы сөзім бәрі рас. Сіздей жардың жалғанда Қызығына жан тоймас. Етің, етке тигенде, Демің, тиіп сүйгенде, Тән шымырлап, бой ерiп, Ішім оттай күйгенде. Жүрек балқып игенде, Ішкі сырды түйгенде, Іздеп табар сұңқармын, Жарастықты шүйгенде. Қылығыңда жоқ оғат, Қарап тойман жүз қабат, Ыстық тартып барасың Бір сағаттан бір сағат. Сіз — қырғауыл жез қанат, Аш бетіңді, бер қарат, Жақындай бер жуықтап, Тамағыңнан аймалат! | |
Категория Казахские песни под гитару Добавил ора Просмотров: 1767 |